😆😆😆БҰЛ ОТБАСЫНДА АНАСЫ 10 КҮНГЕ ҚЫДЫРЫП КЕТЕДІ,4 БАЛАМЕН ҚАЛҒАН ӘКЕСІ ЖАМАН ҚИНАЛАДЫ | Кино шолу

Опубликовано: 29 Ноябрь 2023
на канале: КИНО ШОЛУ
7,341
311

Әссәләму әлейкум.Қалдарыңыз қалай? Бүгін біз 2020 жылы жарық көрген "Не все дома" деген киноға шолу жасаймыз.Бұл фильм де комедиялық
жанрда.Кино қызық,ендеше кеттік...

Кино басы.Антуан пляж жақта жүреді.Маңайда адамдар бет алды жан жаққа жүгіріп жатыр.Антуан болса,бұның бәрі менің кесірімнен болды,қалай
болғанын білгілерің келе ме?Ендеше кино шолудың осы бейнесін аяғына дейін көріңіздер,түсіндіріп береді дейді.Изабель асханада керемет дастархан
дайындап жүреді.Бұл жерде Изабель әлі жұмыс істемейді.Балалары сол тентек,ал Антуан ол уақытта арнайы құрылыс материалдарын сататын сауда
орталығының директоры.Сонымен қатар,бұл отбасында өздерінің жеке қызметшісі бар.Антуан жұмысына кетеді.Ал Изабель балалардың бәрін мектепке
апарады.Кіші ұлдарының әлі балабақшаға барып жүрген кездері.Антуан жұмысына келеді.Кәдімгідей бастық.Осы кезде кабинетіне келген кезде,ол
өзінің суреті тұрған портретті іргеге іліп қояды.Терезе жаққа қараса,жұмысқа келе жатқан сондай белсенді Дикаприоны көреді.Кабинетке бажасы
кіріп қалып,бағанағы портреті құлап қалады.Олар үйдің қасында пикник жасап,отбасылармен тамақтанады.Изабельдің әпкесі,өзі сондай бір жаққа
қыдыруды жақсы көреді.Саяхаттайық деп ол сіңлісі Изабельге ұсыныс тастайды.Осы отырыста Антутанның бажасы қайта қайта Антуанды мақтайды.
Қайта дастархан,үйдің тазалығы ұйымдастыру бәрін,әйелі жасаған еді.Күйеуі былайша айтқанда дайынға келді.Содан пекник біткесін,түнге қарай,
Изабель өзінше көңіл күйсіз жүреді.Оған Антуан не болды деп сұрайды.Сонда Изабель,мен жалықтым,менде бәрі қайталана береді.Күнделікті тірлік
бір.Бәрін жасаймын,бірақ бәрібір де қонақтар саған рахмет айтады дейді.Оған Антуан,бәрібір емес,үй отағасына рахмет айтты деген,саған да рахметін
білдірді дейді.Таңертең мектепке балаларды апарған соң,кешке дейін боссың,өз тірлігіңмен айналыс дейді.Сенің өмірің жақсы,менің орныңа мен болсам
ғой деп қалады.Сонда әйелі,демек сен менің орныма балаларды қарай тұрасың ба,дайынсың ба деп мәз болып бұрылып ұйықтауға кіріседі.Екінші күні
Антуан жұмысқа барады.Бастығы мен қасында Дикаприо жүр.Сонда Антуанның бастығы,сенің қызметшіңді қара дейді.Сөйтсе,дүкенге кірген бір жас
қыз,жұмыс барысында бинт ұрлаған екен.Оның бәрі камераға түсіп қалады.Антуанның бастығы болса,тез арада мына қызды жұмыстан қуып шығар
дейді.Дикаприо да жағаласып өзінше бастық болғысы келіп тұр екен.Кешке Антуан ас үстінде,әйеліне сол Дикаприоның қылығын айтып жатады.Өзінше
бастыққа жағымпазданып жүр дейді.Осы жерде Изабель,мен 10 күнге әпкеммен саяхатқа демалысқа баратын болып шештім дейді.Бас кезінде күйеуі
мән бермейді.Бірақ артынан бөлмелерінде болғанда,Антуан,қалай ғана,сонда мен балалармен жалғыз қаламын ба дейді.Оған енді Изабель,ештеңе етпес,
сен өзің соны қаладың ғой.Менің орныма болғың келді ғой,енді сенде сол мүмкіндік дейді.Келесі күні,Изабель кетер алдында үйдегі тірліктің бәрін
Антуанға түсіндіріп жатады.Антуанның басы айналып кетеді.Түк түсінбейді.Такси көлігі келіп,Изабель кетіп қалады.Содан бастап Антуанның қызықты
күндері басталады.Солай келесі күні бірінші болып,өзінше балаларын мектепке оятады.Бірақ ешкімнің тұрғысы келмейді.Антуан болса,неге сендер
мені тыңдамайсыздар дейді.Балалары мән бермейді.Ақыры таңғы астарын ішіп шыға жөнеледі


Әссәләму алейкум достар! Менің каналыма қош келдіңіз! Осы каналыма әр түрлі фильмдерге обзор жасап салып отырамын! Каналымның дамуына өз үлесіңізді қосыңыз! Ол үшін каналыма тіркеліп қойыңыз! Әр шыққан бейнеге лайк басып және коммент қалдырып кетіңіз!
#КиноШолу #ОбзорФильмов