Біз бүгін 2023 жылы шыққан "Акунолог" деген фантастикалық киноға шолу жасаймыз.Каналымызға тіркелуді ұмытпаңыздаршы.Бейнемізді аяғына
дейін көрейік...Ендеше кеттік...
Кино басына әкесі мен балалары су жағасында жүреді.Балалары деген судың бетін қарай бастайды.Өзара ойнап жатқан еді,бір кезде судың бетіне неше
түрлі өлген балықтар шыға бастайды.Одан кейін алып сегіз аяқ пайда болады.Әкесі бұны байқап қалып балаларына қарай жүгіреді.Жаңағы сегіз аяқ
судан шығып,жағаға қарай тура мына әке мен балаларының үстіне құлайды.Біраз уақыттан соң бұл жерге ғалымдар келеді.Олардың ішінде Панзинь Иа
деген әйел мен оның бастығы келеді.Ең алдында бұлар бұл сегізаяқпен тәжірибе жасапты.Бірақ болмады.Ол өліп қалды.Олар сегізаяқтың ішін кесіп,
ішіне кіре бастайды.Панзинь мен бірнеше қызметкерлер кіреді.Қараса ішінде екі үш жұмыртқа жатыр.Бірақ олардың ішінде балалары өлі еді.Ал басқа
жақта сегіз аяқтың кішкентай баласы жатады.Тірі екен.Ол мына қызметкерлерге атыла бастайды.Сыртта камера арқылы бақылап тұрған басшысы
бері қарай жетіп келеді.Бір кезде жаңағы кесілген жерден қызметкерлер мен мына сегізаяқ атып шығады.Бәріне атыла бастайды.Тіпті ұшады ғой.Бір
жігітке атылып оны жұта бастап еді,бірақ ол да сәтсіз тәжірибе болып,біраздан кейін мерт болады.Жаңағы бастықтары ашуланады.Сонда Панзинь,
бұның ішінде тағы да баласы бар,ол тірі деп қалады.Артынан бастығы бұларға ұсыныс тастайды.Бұны зерттемелік бөлмеге апарып,дамыту керек
дейді.Бірақ Панзинь келіспейді.Бұл бала өте қауіпті баласы болайын деп тұр.Жұмысты тоқтату керек дейді.Бұның арты жақсылыққа апармайды деп
қалады.Панзинь үйіне барады.Оның ауру баласы бар еді.Соған бола,Панзинь осы жұмыста істеп жүр.Акула мен сегізаяқтың қосындысынан жасалған
дәрі шығармақшы.Осылайша үйінде жүргенде,біреулер оны ұйықтатып алып кетеді.Қараса жаңағы бастығы екен.Ол Панзиньннің ұлын алып кетіпті.
Менің айтқанымды жасайсың,болмаса мына ұлың өледі дейді.Панзинь амалсыздан келіседі.Жаңағы кішкентай сегізаяқтың баласынан мидың
сұйықтығын алу керек еді.Көмекшілері жасап жатады.Бірақ олар ақырын ғана бастықтарының бұйрығын орындап,керісінше бұл сегізаяққа бір зат егіп
тастайды.Одан мына сегізаяқтың денесі өсе бастайды.Бір қызметкердің қолы капсуланың ішінде қалып қояды.Ол айқайлай бастайды.Кешіріңіздер,біз
бастықтың айтқанын жасадық.Ол кісі сізге айтпасын деді дейді.Бұлар жігітке көмектесіп,оның қолын капсуладан алып шығады.Сосын қашпақшы еді.
Әссәләму алейкум достар! Менің каналыма қош келдіңіз! Осы каналыма әр түрлі фильмдерге обзор жасап салып отырамын! Каналымның дамуына өз үлесіңізді қосыңыз! Ол үшін каналыма тіркеліп қойыңыз! Әр шыққан бейнеге лайк басып және коммент қалдырып кетіңіз!
#КиноШолу #ОбзорФильмов