Достар.Бүгін біз 1996 жылы шыққан "Неистребимый шпион" деген күлкілі комедиялық киноға шолу жасаймыз.Достар,бейнемізді аяғына дейін
көріңіз.Ондай болса кеттік....
Кино басында Дик Стил агент 007/40 деген шалды көреміз.Тікұшақта отыр.Өзінше бір миссиямен жүр екен.Генерал Ренкор деген террористі ұстап алу
керек.Хабарламаны тыңдайды да,тікұшақтан секіріп кетеді.Парашюттан секіріп бара жатып,шарап ішіп тұрады ғой.Содан жерге қонғаннан кейін оны
бірге істейтін бір әріптес қыз қарсы алады.Есімі Виктория.Бір базаға екеуі келеді.Осы жерде бағанағы террорист Ренкор жүр.Ол өзінің адамдарымен
сыртқа шығып тікұшаққа отыра бастайды.Сыртта Дик Стилл бақылап тұр.Маңайда бір жігіт пайда болып сәнденіп тұрады.Дик Стилл сосын,тікұшаққа
барып жарылғыш жабыстырып кетеді.Сосын қасындағы қыз екеуі алыстан генералға қол бұлғайды.Тікұшақ жарылады.Сонда Дик Стилдің қасындағы
Виктория әрі қарай құлап кетеді.Дик Стилл оның қолынан ұстап қалады.Күші деген керемет енді.Бірақ Виктория суға құлап кетеді.Біраз уақыттардан
кейін осы генералды ұстап алу үшін,Барбара деген әлгі Викторияның қызы бұл базаға келеді.Генерал өзі әлемді басқармақшы екен.Бүкіл билік
сонда.Барбара сол базаның ішіне кіріп алып жүргенде,оны Ренкордың адамдары ұстап алады.Бірден Стивен Бишоп және Норм Колман деген билік
адамдарын көрсетеді.Олар директорының кабинетіне келіпті.Директоры өзі қызық.Хамелеон сияқты әрдайым тығылып жүреді.Бұлар сол Барбара
туралы айтады.Генарал Ренкор біздің агентімізді ұстап алыпты не істейміз дейді.Сонда директор сол Дик Стиллді еске алады.Жалғыз сол ғана бізге
көмектесе алады дейді.Бишоп пен Колман екеуі осы Дик Стиллдің алдында бүлдірген бір ісін еске алып кетеді.Кезінде Дик Стилл президенттің жеке
оқ қағары болыпты.Осылайша президент халықпен кездескенде,агент Дик Стилл қауіп бола ма деп президентті көлігіне кіргізіп әрі қарай жүріп кетеді.
Тікелей кіруге болмайтын зонаға кіріп кетеді.Әр жағында су еді.Көлік деген әне міне суға құлайын деп тұрады.Сонда агент Дик Стилл өзінше қолынан
бір сымды алып шығып,көліктің алдына байлайды.Бірақ болмады.Көлік суға құлап,осыдан кейін агент Дик Стилл қызметтен кеткен еді.Директор
болса оған мән бермейді.Андай мындай болып тұрады.Тез арада Дик Стиллді шақырыңдар деп қалады.Дик Стилл болса гольф ойнауға келеді.Сонда
Стивен Бишоп келіп,онымен сөйлеседі.Екеуі баяғыдан бірін бірі жақсы таниды.Кейде әзілдеп те қояды.Стивен Бишоп,оған касета береді.Осыны көріп
шықшы деп қалады.Дик Стилл үйіне барып,касетаны қосып қалса,бұрынғы жауы генарал Ренкор сөйлеп жатады.Тұтқында Барбара.Дик Стилл қатты
таңғалады.Сен жарылған жоқсың ба дейді.Ол сосын Викторияны еске алады.Сенің қызың неге сонда барды деп жатады.Біраздан кейін Дик Стилл
жаңалық көріп отырғанда,Стивен Бишоп өлді деп жатады.Бірден келесі күні таксиге мініп әуежайға аттанады.Ол жерде агент 3.14 Вероника деген
қызбен танысады.Вероника баяғыдан Дик Стиллді біледі.Осыдан кейін екеуі де бір ұшаққа отырады.
Әссәләму алейкум достар! Менің каналыма қош келдіңіз! Осы каналыма әр түрлі фильмдерге обзор жасап салып отырамын! Каналымның дамуына өз үлесіңізді қосыңыз! Ол үшін каналыма тіркеліп қойыңыз! Әр шыққан бейнеге лайк басып және коммент қалдырып кетіңіз!
#КиноШолу #ОбзорФильмов