Бүгін біз 2024 жылы шыққан "Джекпот" деген керемет қызық киноға шолу жасаймыз.Басты кейіпкеріміз Джон Сина.Ендеше шолуымызды басынан
бастап аяғына дейін көрейік...Кеттік...
Кино басында бір жігіт қашып бара жатыр.Артынан қаншама адамдар қуып келе жатыр.Сөйтсе,джекпот екен.Бұл жігітті 24 сағаттың ішінде басқа
адамдар өлтірсе,жігіт ұтып алған миллиард ақшаны алады.Мәселен кім оны өлтіреді деген сұрақ туындайды.Осылайша мына жігіт,бала бағып отырған
бір кемпірдің үйіне тығылып қалып еді,бірақ әлгі кемпір де қолына қару алып,мына жігіттің маңдайынан атып жібереді.Бүкіл адамдар кемпірдің үйіне
кіріп сандарын соғып қалады.Біраздан кейін бұл жерге мұрт тағып алған бір әйел келіп,жеңіс құтты болсын деп сертификат береді.Шамалы уақыттан
соң,автобуста Кэти деген әйел отырады.Өзі актриса болғысы келеді екен.Сол үшін Калифорнияға келді.Осылайша қасында отырған бір кемпір оған
қарап,сағат қанша деп сұрайды.Одан кейін,қал жағдайын сұрап сөйлескен соң,автобус тоқтап кемпір шығып кетеді.Артынан Кэти қолын қараса,сағаты
жоқ.Кемпір сыпырып әкетіпті.Жол бойы Кэти бір түрлі қылықтарды байқайды.Сөйтсе,бәрі сол билетке асығып жатыр.Тағы да сол джекпот ойнатады
екен.Кэти автобустан түсіп,пәтер жалдайды.Пәтер беріп жатқан қыз бір түрлі екен.Ол да актрисамын деп өзін таныстырады.Келесі күні кастингке бару
керек еді.Кэти ұйықтап енді оянса,төбеден нәжіс ағып жатыр екен.Оның үстіне оның бүкіл киімін былығып кетіпті.Ол өзінің пәтер берушісіне қоңырау
шалады.Болған жағдайдың бәрін түсіндіріп,маған киім керек дейді.Үйдің иесі болса,өзінің киімін береді.Бірақ оған да ақша сұрайды.Кэти үстіне бір
түрлі киім киіп алады.Кэти такси жалдап сол кастингке аттанады.Солай керекті жерге келсе,оны қызметшілер күтіп жүр екен.Тағы да кастингке қатысу
үшін 400 доллар сұрайды.Шамамен 200 мың теңгедей ғой.Ақшасын қимай қимай,Кэти кастингке кіреді.Отырған адам болса Кэтиге қарап,ал енді
өнеріңді көрсет деп қояды.Кэти алдыменен қалтасына қолын салып,бір карточканы тауып алады.Соны байқамай басып,джекпот ойынан қатысып
кетеді.Содан карточканы қоя салып,Кэти бір кинодағы эпизодты айта бастайды.Отырған тексеруші адам,сенің майысқақтығың қалай,көрсетші дейді.
Кэти сонда ашуланып шығып кетеді.Басқалары кіре бастайды.Бір кезде отырғандардың карточкаларында Кэтидің суреті пайда болады.Демек енді Кэти
Джекпотты жеңді.Бәрі Кэтиге шабуыл жасай бастайды.Бас кезінде айтқандай бұл сондай ойын.Кэти болса қыздарды жан жаққа лақтырып қаша кетеді.
Осылайша тура каратэмен айналысып жатқан жігіттердің залына бірақ кіреді ғой.Олар да Кэтиге атыла бастайды.Бір жігіт тіпті Кэтиді ұстап алып
айналдыра бастайды.Басқа жақта қыздар гимнастика жасап жатқан еді,Кэти бұл залға ұшып бірақ кіреді.Енді Кэти үшін бәрі таласып оған атыла кетеді.
Әссәләму алейкум достар! Менің каналыма қош келдіңіз! Осы каналыма әр түрлі фильмдерге обзор жасап салып отырамын! Каналымның дамуына өз үлесіңізді қосыңыз! Ол үшін каналыма тіркеліп қойыңыз! Әр шыққан бейнеге лайк басып және коммент қалдырып кетіңіз!
#КиноШолу #Джэкпот2024фильм