Бүгін біз 2006 жылы шыққан "Прочная защита" деген боевик киноға шолу жасаймыз.Достар,кино керемет.Аяғына дейін көрейік.Ондай болса кеттік..
Кино басында Болдуин деген қара жігіттің Филипп деген жігітке келгенін көреміз.Филипп өзі Ауғаныстан мен Ирак та соғысып келіпті.Сол үшін елес
болып көзіне кейбір оқиғалар келе береді.Осыдан бірнеше уақыттар бұрын,Уэйн және Террел деген қаар жігіттер бокстасады.Уэйн бұл боксты жеңіп
шығады.Террел осыдан кейін жаман жолмен айналысып,рекетирлікпен айналысып кетіпті.Оны Уэйннің айтуымен түрмеге қамап тастайды.Уэйн болса
өзінің тұрып жатқан қаласын жаңартып бизнеспен айналысып кетеді.Оның Тамара деген қарындасы бар.Ол жетіп келіп,теледидарды қосыңыздар
дейді.Сөйтсе,Террел түрмеден шығайын деп жатыр екен.Уақытынан ерте шығарайын деп жатыр.Тамара өзінің ағасы үшін уайымдайды.Тамара да осы
ағасымен бірге жұмыс істейді екен.Бухгалтерлік қызмет атқарады.Кендол деген жеке күзетшісі және Тамара бәрі Уэйнге жаңа оққағар керек дейді.
Себебі Террел Уэйнге зиян тигізуі мүмкін дейді.Кендол сонда Болдуинді еске алады.Оның қасында тағы да бір шәкірті бар екен.Сонымен бірге келеді
дейді.Террел сол түрмеден шығады.Жақындары достары бәрі қарсы алады.Болдуин болса сол бас кезінде көрсеткендей,Филипп деген жігітке келеді.
Басты кейіпкеріміз еді.Сосын жұмыс туралы айтады.Бізді жеке оққағарлық жұмысқа шақыруда дейді.Екеуі сосын,Тамараның кабинетіне келеді.Бұл
жайлы Уэйн білмейді екен.Сондықтан Тамара бәрін өзі жасамақшы.Олар бір бірімен танысады.Сөйлсіп,біткен соң,Филипп Болдуинге,Тамараның бір
түрлі қарағанын айтады.Мені ұнатпаған сияқты дейді.Мына жақта Тамара да,Филипп туралы айта бастайды.Болдуиннің қасындағы жігіт,бір түрлі екен.
Басында проблемасы бар сияқты деп қалады.Мейлі,оларды сынаққа алайық деп көреді.Осылайша осы түні,Уэйн мен Тамара бәрі кешкі би кешіне бару
керек болады.Ол жерге Болдуин мен Филипп те келеді.Кендол оларды артынан клубтың ішіне шақырады.Ішіндегі айқай музыкалар бәрі Филиппке
ұнамайды.Кезіндегі соғыстың кездерін еске алып кетеді.Сырттан Тамара бәрі оны бақылап тұрады.Мына жігіт жарамайтын сияқты деп қалады.Кендол
Филиппке жақындайды.Сонда Филипп,мен сыртта жүре тұрайыншы деп қалады.Осылай Филипп сыртқа шығып кетеді.Кейін Болдуин де далаға шығады.
Одан кейін көлікті шақырып дайындала бастайды.Уэйн мен Тамара шығады.Бір кезде Филипп,Террелдің жіберген адамдарын байқап қалады.Олар
қаруларын шығарып атыс жасай бастайды.Филипп пен Болдуин тез қозғалып,Уэйн мен Тамараны көлікке кіргізе қояды.Осы атыста Кендолға оқ тиеді.
Ол жарақаттанып қалады.Филипп болса,бандиттармен атысып беріліп кетеді.Бірақ артынан қараса,Болдуинге оқ тиіпті.Ол біраз қиналып көз жұмады.
Келесі күні Болдуиннң жерлеуі болады.Филипп болса ол туралы жақсы жақсы естеліктерді айтады.Бәрі тараған кезде Уэйн мен Тамара жақындап,
Филиппке көңіл айтады.Бір кезде Тик деген детектив келіп,Филиппті алып кетуге ұмтылады.Кеше ол жігіт клубта атыс жасады дейді.Тамара мен Уэйн
түсінбей тұр.Біз міндетті түрде бұл жігітті шығарып аламыз дейді.Террелге әлгі клубта атыс жасаған жігіттер келеді.
Әссәләму алейкум достар! Менің каналыма қош келдіңіз! Осы каналыма әр түрлі фильмдерге обзор жасап салып отырамын! Каналымның дамуына өз үлесіңізді қосыңыз! Ол үшін каналыма тіркеліп қойыңыз! Әр шыққан бейнеге лайк басып және коммент қалдырып кетіңіз!
#КиноШолу #ОбзорФильмов