ВОЗРОЖДЕНИЕ ЭРТУГРУЛ 1-5 серияларына шолу | Возрождение Эртугрул кино шолу

Опубликовано: 01 Апрель 2023
на канале: КИНО ШОЛУ
9,850
668

Каңлы тайпасы 1225 жыл.Эртугрул мен Демир деген ұсташы қылышты ұрып жатады.Сосын Дэмир Эртугрулға бір қылыш сыйлайды.Эртугрул болса,
мен бұл қылышты абыроймен жақсылыққа қолданамын дейді.Эртугрулдың Гюндугду деген ағасы бар.Ол әйелімен теріден жасалған картаны қарап
отырады.Әйелінің есімі Сельджан.Бір кезде Гюндугду Эртугрулдың кетіп бара жатқанын байқап қалады.Сосын қайда барасың деп сұрайды.Сонда
Эртугрул аңшылыққа барамын деп қалады.Гюндугду оған,тезірек кел дейді.Эртугрулға Гекче деген қыз ғашық еді.Үмітпен Эртугрулға қарап қалады.
Эртугрулдың қасында Тургут,Бамсы,Доган деген батырлар бар.Бамсы болса,өзімен бірге бастурма алып барады.Солай төртеуі аңшылыққа шығады.
Бірден басқа жақты көрсетеді.Шіркеу маңы.Ол жерге біреу өрмелеп мініп бара жатады.Сосын сол жерде тұрған бүкіл римдік әскерлерді ұрып құлата
бастайды.Сосын жерге секіріп түсіп,түрін көрсетеді.Бүкіл әскер оған,бас иеді.Сөйтсе,бұл кісі Титус деген бастықтары.Ол адамдарына ұрса бастайды.
Кез келген біреу мында кіріп сендерді құлатып тастайды,күзету сендердің абыройларың,егер дұрыс атқармасаңдар,менсендер менің қылышымнан
өлесіңдер дейді.Біраздан кейін бұл жерге Тэмплэйлердің бастығы қызымен келеді.Қызының есімі Элианора.Содан Титус пен бастығы шіркеу ішіне
кіреді.Басқа жақта осылардың әскерлері үш адамды абақтыға қамап әкеле жатады.Олар Сельджұқ мемлекетінің адамдары еді.Ішінде басты Халиме
деген қыз бар,оның әкесі мен інісі.Титус пен оның бастығы екеуі Қаратойғар деген адам туралы айтып жатады.Қаратойғар таққа отырса біз үшін жақсы
деп қояды.Бір кезде сол Қаратойғардың өзін көрсетеді.Ол болса,Қаңлы тайпасының салық төлемейтініне ашуы келіп отырады.Киіміне қарасақ,сол
Селжұқ елінің қызметкері.Қаратойғар қызметкеріне қарап,тезірек бүкіл тайпаларға барып,салықты ертерек төлесін деп айт деп оны жібереді.Абақтыда
қамалып келе жатқан мына кісі,негізі жақсы тұқымнан еді.Тэмплэйлер оны ұстап алып,оны Аладдин сұлтанның орнына,сұлтан етіп қойғысы келеді
екен.Және бірге жұмыс істегісі келеді.Оған,мына кісі қарсыласқандықтан,бұларды ұстап алған.Әскер адамдар сәл демалып отырады.Біреуі келіп,
Халимеге су беріп,оған тиіспек болады.Сонда Халименің әкесі,оны ішінде отырып ұрып,оны өлтіреді.Сосын белдік жақтан кілт алып,үшеуі қашып
кетеді.Тэмплэйлер оның артынан қуа бастайды.Эртугрул болса,осы арада орман жақтан елікті тауып алып,соған аңшылық жасамақ болады.Ал әскери
адамдар әлгі үшеуін ұстап алады.Әкесін жарақаттаған еді.Халиме әке әке деп айқайлағанда,Эртугрулдың елігі қашып кетеді

Әссәләму алейкум достар! Менің каналыма қош келдіңіз! Осы каналыма әр түрлі фильмдерге обзор жасап салып отырамын! Каналымның дамуына өз үлесіңізді қосыңыз! Ол үшін каналыма тіркеліп қойыңыз! Әр шыққан бейнеге лайк басып және коммент қалдырып кетіңіз!
#КиноШолу #ОбзорФильмов