Бүгін біз 2024 жылы шыққан "Сингам 3" киносын қысқаша айтып береміз.Бұл киноның бөлімдері біздің каналымызда бар.Достар бейне басталмай
тұрып каналымызға тіркеліп қояйық.Бейнемізді аяғына дейін көрейік.Ондай болса кеттік...
Кино басында бір журналист Сингам туралы айтып тұрады.Бұл елдің жақсарғаны осы Сингамның арқасында дейді.Артынан журналист Сингамнан
сұқбат алады.Сингам болса сұқбат беріп болған соң,көлікпен кетіп бара жатады.Онымен бірге басқа да қызметкерлер көлікпен келе жатыр.Бір кезде
Сингамның қасына мотоциклмен біреу келіп,әрі қарай тез жүріп кетеді.Осы кезде бандиттар атып шығады.Сингам болса олармен атыса кетеді.Олар
көп еді.Көмекке бір кезде Сингамның әріптестері қаншама полиция қызметкерлері келеді.Мотоциклдегі белгісіз адам қашып кетеді.Сингам болса
оның артынан қуады.Осылайша бір қаланың ішіне бірақ кіреді.Сингам оны қуып жетіп,көлігімен қағып жібереді.Жаңағы адам жерге құлап басынан
шлемді шешеді.Сөйтсе кезіндегі Омар деген Сингамның қарсыласы екен.Сингам екеуі төбелесе кетеді.Сөйтіп,Сингам оны жеңеді.Полиция жетіп
келеді.Осы кезде қаланың жастары келіп,Сингамды қолдайтынын айтады.Сингам кейін Омарды жетектеп,сұрақ алатын жерге әкеледі.Сонда Омар айта
бастайды.Сендер мені ұстап алғандарыңа мәзсіңдер ме? Мені ұстасаңдар да,менің жұмысым жүріп тұрады.Өзіңе қандай қарсыласты дайындап
қойғанымды білмейсің.Сенің күшің мүлдем жетпейді дейді.Сингам болса,кімді болса да жібере бер.Олар Сингамды білмейтін шығар дейді.Артынан
Сингам туралы жаңалықты жаңағы Омардың айтқан адамы қарап тұрады.Сингам кейін министрмен сөйлесіп кетіп бара жатады.Сенімді адал деген
министр еді.Содан министр өзінің ойын айтады.Егер Омардың артында біреу тұрса,демек сенің өзіңнің командаңды құру керек.Ең мықты деген
командирлерден құралған ұйым құрасың.Оның аты Шива болады деп қояды.Шива дегені өздерінің сенімдері ғой.Авни деген Сингамның әйелі бар.
Ол халыққа осы шива туралы сұқбат айтады.Сол туралы оқиға баяндайды екен.Халықтың арасында Сингам мен Авнидің ұлы отырады.Ұлы өзінше
жекеше өмір сүргісі келеді.Бірақ әкесі тура клубқа ұлын көруге келеді.Ұлы болса артынан үйінде ашуланады.Неге сендер менің өмірі араласасыңдар.
Менің жеке өмірім бар деп қояды.Анасы деген ұлына ұрсады.Мынаны қара,дәстүрімізді мойындамайды.Ата анасынан ұялады дейді.Сингам болса
жәй тыңдап отыр.Содан кейін ұлының бөлмесіне барып,ұлынан кешірім сұрайды.Сені ұялтқаным үшін кешірші,жәй сені көргім келді дейді.Артынан
Сингам министрмен кездеседі.
Әссәләму алейкум достар! Менің каналыма қош келдіңіз! Осы каналыма әр түрлі фильмдерге обзор жасап салып отырамын! Каналымның дамуына өз үлесіңізді қосыңыз! Ол үшін каналыма тіркеліп қойыңыз! Әр шыққан бейнеге лайк басып және коммент қалдырып кетіңіз!
#КиноШолу #Сингам32024