Кірпіштідегі теннистен облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бүгін 14 жасқа дейінгі жеткіншектер арасында ел чемпионаты басталды. Жарысқа Ақтөбеден 12 теннисші қатысып жатыр. Кеше жеребе тасталған. Бүгін алғашқы кездесулер өтті. Жарыста Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Қостанай, Батыс, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан және Астана қаласынан елуден астам спортшы бақ сынайды. Ақтөбенің намысын 12 теннисші қорғайды. Балалар тек жекелей санатта ракетка түйістіреді. Қыздар мен ұлдар бөлек, кейін жұп болып ойнайды. Турнирдің бірінші ракеткасы - ақтөбелік Даниал Тасқали. Қыздар арасында да рейтингті ұпай саны бойынша жергілікті спортшы Адель Баймағамбетова бастап тұр. Даниал да, Адель де ұпай жоғалтпауға тырысатыны анық.
Сайт телеканала http://www.rikatv.kz/
Twitter / rika_kz
Вконтакте https://vk.com/rikatv