Димаштың жанкүйерлері Ақтөбеде

Опубликовано: 10 Сентябрь 2024
на канале: РИКА ТВ
43
3

Димаш Ахмет Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің Академиялық ән салу мамандығын тәмамдаған. Бүгін жұлдыздың өзі ұшқан ұясынан әлемнің бірнеше елінен келген әншінің жанкүйерлері жиналды. Арасында Германиядан келген журналистер де бар. Олар сүйікті әншілері жайлы мақала жазбақ. Фан топ мүшелері Димаш бітірген оқу орнын аралады, әлем жұлдызын тәрбилеген ұстаздарымен тілдесті.
Әлемнің назарын өзіне қаратқан әншінің әлемнің әр жерінде фан клубы бар. Германиядан келген қонақтар да Димаштың өткен өмірімен танысып, ол саханаға шыққан жерлерді аралады. Бесінші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының көрермені болып, Ендігі 13 және 14 қыркүйекте Астана қаласында болатын Димаштың екі күндік концертіне қатыспақ. Оған дейін оның туған өлкесін, бітірген оқу орынын аралауды жөн көрдік, дейді фанаттар.
Сайт телеканала http://www.rikatv.kz/
Twitter   / rika_kz  
Вконтакте https://vk.com/rikatv
Telegram https://t.me/evrikaaktobe