Сүт зауыты ауданындағы Оңтүстік айналма жолда Газель автокөлігінің жүргізушісі реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде екі жаяу жүргінші қағып кетті. Зардап шеккен анасы мен үш жастағы қыз бала. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 жасар сәби қаза тапты. Жас келіншектің жағдайы ауыр, ол ауруханаға жеткізілген. Адамның өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 18 жастағы көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Облыста жыл басынан бері 667 жол апаты болған. Одан 1000 ға жуық адам зардап шегіп, 111 і қаза тапты. Жол көлік оқиғаларының негізгі себептері-жүйткіп жүру, қарсы бағытқа шығып кету мен маневрды дұрыс жасамау,-дейді полицейлер. Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын ҚР Жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Сайт телеканала http://www.rikatv.kz/
Twitter / rika_kz
Вконтакте https://vk.com/rikatv
Telegram https://t.me/evrikaaktobe