Ақтөбеде 400 науқас донорлық ағзаға мұқтаж.

Опубликовано: 17 Январь 2024
на канале: РИКА ТВ
94
0

Елімізде қайтыс болғандардың ағзасын туыстарының рұқсатынсыз алу ұсынылды. Белсенділер донорлық туралы заңды өзгертуді сұрайды. Өйткені елімізде донорлық ағзаға мұқтаж мыңдаған жан тек шетелден келетін ағза трансплантациясына ғана үмітті. Әйтсе де, тұрғындардың дені-бұған қарсы. Сауалнамаға қатысқандардың ішінде мәйіттік донорлықты қолдайтындары да жоқ емес.
Тек Ақтөбеде ғана ағза ауыстыру отасына мұқтаж 400 адам тіркеулі. Оның 10 ға жуығы бала. Өткен жылы орган жетіспегеннен 34 адам көз жұмды. Ақтөбе қаласында соңғы рет орган трансплантациясы 2018 жылы тамыз айында жасалған. Екі адамның бүйрегі ауыстырылыпты. Дәрігердің айтуынша, бүйрекке диалез алып, уақытша денсаулықты жақсарта тұруға болады. Ал жүрек, өкпе, бауыр сырқаттары көп күттірмейді. Трансплантация қажет. Қазақстанда донор тапшы. Дәрігерлер қайтыс болғандардың де­не мүшесін алған тиімді, деп отыр. Өйткені адамнан жан шыққан соң оған іш­кі ағзаның керегі жоқ. Бұ­рын заң бойынша егер науқас тірі кезінде донор болудан бас тартпаса, дәрігерлер оның жарамды ішкі ағ­заларын алуға құқылы болатын. Ал жаңа кодекс бойынша адам тірі ке­зінде айтсын-айтпасын, бірақ туыс­қандарынан рұқсат алынуы тиіс деп көрсетілген. Мәйіттік донордың мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ. Ал донорға тәуелді адамдар қатары жыл санап артып отыр.
Сайт телеканала http://www.rikatv.kz/
Twitter   / rika_kz  
Вконтакте https://vk.com/rikatv