Құрбан Айт мерекесі жақындап қалды. Биыл ол шілденің 30-31-не келіп тұр. Әлемдегі ахуалға орай қазақстандықтар құрбандық шалуды онлайн режимде жүзеге асыруы тиіс. Мұсылмандар діни басқармасының талабы бойынша халықтың тапсырысы Qurban2020.muftyat.kz. сайтында қабылданады. Тапсырыс берушіге оның атынан мал шалу барысы туралы толық ақпарат беріледі. Құрбандыққа шалынатын малдың бағасы сайтта көрсетіледі. Ет мұқтаж адамдарға таратылады. Сайт жақын күндері іске қосылады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы құрбандық шалу кезінде халыққа барынша қолайлы жағдай жасалатынын мәлімдеді. Биыл Құрбан айт 30-31 шілде аралығында тойланады. Елдегі індетке байланысты орталықтандырылған онлайн сайт іске қосалмақ. Qurban2020.muftyat.kz сайты тапсырыстарды онлайн қабылдайды. Сайтты «Зекет» қоры техникалық қадағалап отырады. Дегенмен ақтөбеліктер мұндай жаңашылдыққа тосырқап қалды. Жұртшылық шалынып жатқан малдан қан шыққан кезде құрбан шалушы жанында тұрғаны дұрыс қой деп пікірлерін білдірді. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы әрбір құлшылық істің астарында мұқтаж жандарға көмектесу жолы жатқанын айтады. Індетті өршітпеу үшін көп адам жиналмай, жергілікті мешіттерге тапсырыстарды онлайн қабылдау міндеттелді. Сонымен қатар бас мүфти алдағы уақытта қажеттілікке сай Нұр-Сұлтан қаласында 3, Алматы қаласында 3, Шымкентте 2 мешіт салу жоспарланғанын жеткізді. Республика бойынша 2020-2021 жылдары 205 құлшылық үйі тұрғызылады.
Сайт телеканала http://www.rikatv.kz/
Twitter / rika_kz
Вконтакте https://vk.com/rikatv