Жауапсыз автобус жүргізушілері жазаланады

Опубликовано: 03 Сентябрь 2019
на канале: РИКА ТВ
140
2

Жауапсыз жүргізушілер жазаланады. Өткен сегіз айда қоғамдық көліктердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасынан 2 ақтөбелік қаза болған. 35 жолаушы түрлі дене жарақаттарын алған. Бұл туралы бүгін автобус жүргізушілерімен бірге облыстық әкімшілік полициясы басқармасының қызметкерлері өткізген дөңгелек үстелде белгілі болды. Құқық қорғау органдарының өкілдеріне автобус жүргізушілері көкейлерінде жүрген сауалдарын қоюға мүмкіндік алды. Кездесуде жол сақшылары автобус жүргізушілері тарапынан болатын негізгі заң бұзушылықтарға тоқталды. Олар - жолдың қарама-қарсы бағытына шығу, жылдамдықты шамадан тыс асыру, ұялы телефонмен сөйлесу. Ереже бұзған жүргізушілерге айыппұл салынған. Сегіз айдың дерегі бойынша 31 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлеп құтылған. Он автобус жүргізушісіне ескерту жасалған. Дегенмен соңғы екі жылдан бері бірде-бір қоғамдық көлік жүргізушісі куәлігінен айрылатындай өрескел заң бұзбаған.

Сайт телеканала http://www.rikatv.kz/
Twitter   / rika_kz  
Вконтакте https://vk.com/rikatv