05 қыркүйек күні Төле би орта мектебінде Қазақстан Республикасының Тілдер мерекесіне орай "Мәңгілік ел-мәңгілік тіл"атты тіл айлығының ашылуы өтті.
Мақсаты:Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу.