Британ профессоры Вакар Ахмад NU президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды 24kz. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жаңа басшыны оқу орнының ұжымы мен студенттеріне таныстырды.
Шетелдік маман бұған дейін Абу-Даби университетін басқарған. Әлемнің ең үздік университеттері қатарындағы NU президентін таңдау бір жылға созылған. Осы аралықта 2 мыңға жуық өтініш сараланды.
Өйткені бұл міндет халықаралық біліктілікті, озық тәжірибе мен жауапкершілікті талап етеді. Арнайы құрылған комиссия маман таңдауда негізгі 3 қағидаға мән берген.
Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/zharnama...