Барлықтарыңызға сәлем! Сіздермен Нурикс. Бүгін бізде "Американские историй ужасов: Ленточный червь" сериял бөлімі.
Вивиан Лифинч супермодель болуды бала кезінен армандайды. Ол модельдік карьерасын Шейла Клэйн агенттігі арқылы бастап көрмек. Вивиан ішке кіргенде өзі секілді жас қыздардың кезекте тұрғанын байқайды. Сосын ең соңғы боп кезекке тұрады. Бұл жерде ол Хизер есімді қызбен танысты. Хизер 3 айдан бері Нью-Йорктегі түрлі кастингтерге қатысып бағын сынап жүр. Бұдан бөлек ол фотографияға қызығады екен. Қыздар достасуды шешті. Тіпті уәделеседі. Кімде кім бірінші боп жетістікке жетсе, екіншісіне міндетті түрде қол ұшын созады.