Роман Скляр қала маңындағы бөгеттердің жай-күйін бағалады

Опубликовано: 08 Апрель 2024
на канале: Телеканал МТРК
152
3

Сергеев қоймасының ернеуінен асқан судың биіктігі сағат сайын көтеріліп жатыр. Бәріміздің жадымызда жақсы сақталған 2017 жылдағы рекорд бұзылды. Жалғыз осы фактіні алға тартсақ, жағдайдың мәз емес екендігін ұғынамыз. Статистикаға сүйенсек, алдағы 1 жұманың төңірегінде үлкен көлемдегі су Петропавлға жетеді. Осыған орай облыс орталығының маңында алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мамандар күн-түн демей еңбек етуде.