Жошы хан кесенесінің маңайы аспан астындағы музейге айналмақ. Qazaq TV жаңалықтары

Опубликовано: 01 Июнь 2021
на канале: Jibek Joly TV
1,029
19

Жошы хан кесенесінің маңайы аспан астындағы музейге айналмақ. Qazaq TV жаңалықтары

#Жошыхан #Кесене #музей #Ұлытау #Сапарорталығы #Шыңғысхан #БақтиярҚожахметов #Аман-СерікЕсенғалиұлы

Киелі жерге туристерді көптеп тарту мақсатында Ұлытауда бұрын-соңды болмаған зәулім «Сапар орталығы» салынды.

Ұлытауда ашық аспан астындағы музей пайда болады. Оның дәл ортасында Жошы хан кесенесі орналаспақ. Қазір тарихи-мәдени кешеннің құрылысы аяқталуға жақын. Енді мазарға баруға ниет танытқан туристерге барлық жағдай жасалған. Ең бастысы, құрылыс барысында кесененің тарихи сәулеті сақталды. Ал ауласы абаттандырылып, алаң төріне Жошы ханның алып ескерткіші қойылды. Орталық ішінде көру галереялары, өлке тарихынан сыр шертетін мұражай, кәдесый сататын дүкен жұмыс істейтін болады және жағалай этноауыл бой көтереді.

Бақтияр Қожахметов, «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейінің директоры:

- Жошы – Шыңғысханның үлкен ұлы. Барлық қазақ хандары Жошы ханның ұрпақтары, Шыңғысханның басқа ұлдарынан емес, дәл осы Жошы ханнан тараған. Біз оның есімі арқылы, осы ескерткіш және кешен арқылы туристерге және әлемге көшпелі мәдениеттің әлемдік өркениетке үлкен жетістік әкелгенін айтқымыз келеді.

Киелі жерге туристерді көптеп тарту мақсатында Ұлытауда бұрын-соңды болмаған зәулім «Сапар орталығы» салынды. Оған республикалық бюджеттен 546 млн теңге бөлінген. Мұнда қонақүй, музей, кітапхана, ақпараттық зал, тіпті балаларға арналған ойын бөлмесі бар. Орталық бір мезгілде 100 адамды қабылдай алады.

Аман-Серік Есенғалиұлы, музей қызметкері:

- Қазіргі таңда осы деңгейде 2 тур агенттігімен жұмыс жүргізіп отырмыз. Ал негізгі біздің ресми сайтымызда өзіміздің туристік бағыттарымыз орнатылған. Бізде бар 25 кешеннің барлығының бағыты орналастырылған.

Қасиетті Ұлытау жерінде 6 мыңға жуық ескерткіш бар. Бүгінгі таңдан оның 20% зерттеліп, мемлекет қорғауына алынған.

Qazaq TV: бізді спутниктік арна арқылы және Youtube, әлеуметтік желілерден көріңіздер. Видео астында пікір қалдыруды ұмытпаңыздар!

Qazaq TV: смотрите нас на спутниковом ТВ, в Youtube и социальных сетях. Оставляйте ваши коммментарии под этим видео.

Watch us on satellite TV, YouTube and social networks. Leave your comments under this video!

Qazaq TV арнасына жазылыңыз / Подписывайтесь на Qazaq TV / Subscribe to Qazaq TV
https://www.youtube.com/user/KazakhTV...

Біздің басты шоуларды көріңіз / Смотрите наши топовые шоу / Watch our top shows
Qazaq Golden Hits
   • Qazaq Golden Hits  
Trails of Nomads
   • Trails of Nomads  
Байланыс аясынан тыс жерде
   • Байланыс аясынан тыс жерде  

Біздің сайт / Наш сайт / Our website - https://qazaqtv.com/
Vkontakte - https://vk.com/kazakhtv
Facebook -   / qazaqtvkz  
Twitter -   / qazaq_tv  
Instagram -   / qazaqtv_kz  
Telegram - https://t.me/Kazakh_tv