#казакшакино #нурикпурик #кыскашакиношолу
Фильм 3 альпенисттің тауға өрмелеп жатқандарынан басталды. Бэкки, Дэн және Хантер. Дэн есімді жігіт құстың ұясына жеткенде, шошынып құлап кетеді.
51 апта өткен соң. Бэкки әлгі құлап кеткен жігіті Дэнді әлі ұмыта алмай жүр. Жігіт баяғыда өліп қалсада, қыз оған күнде телефон соғады. Қыз бардан шығып әкесі Джеймсты көреді. Әкесі оған өлгеннің артынан өлмек жоқ деп, жігітті ұмытуын өтінеді. Алайда Бэккиге оның айтқандары ұнаған жоқ. Сондықтанда ашуланып кетіп қалады. Қыз үйіне келді. Үйде Дэннің күлі жатқан қорап тұр. Қыз дәрі ішіп, өз-өзіне қол жұмсамақ болады. Алайда Хантер дер кезінде келіп, мұнараға өрмелеуге шақырады. Жәнеде мұнараның үстіне жеткесін, Дэннің күлін шашып жіберу туралы ой тастайды.
Серіктестік бойынша (реклама)
[email protected]