ШҚО-да полицейлер әйелдер мен балалардың құқықтарын тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау мәселелерін талқылады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылдың 15 сәуірінде әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғауға бағытталған заңнамадағы жаңа өзгерістерге қол қойды. Түзетулер мемлекеттік отбасылық саясаттың құқықтық, әлеуметтік, институционалдық және өзге де негіздерін жетілдіруге, әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қорғауды күшейтуге, олардың қауіпсіздігін бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті қатаңдатуға, отбасылық-тұрмыстық саладағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған.
________________________________________________
Сайт: https://polisia.kz
Telegram-канал: https://t.me/POLICE_of_KZ