Алып жүрек аналарымыздың ізбасарлары арамызда әлі де бар екен. Видеодағы апаның есімі - Жамал. Жетісай жұрты ол кісінің атын үнемі тілге тиек етеді. Себебі көптеген қайырымдылық қарекеттері елдің көз алдында. Өздеріңізбен соның біреуін ғана, яғни өзім куә болған төмендегі өнеге өрнегін бөліспекпін. Апамыз су тасқынынан жапа шеккен Мақтааралдықтармен жолығып, басу айтып, зекетінен әр отбасыға 70 мың теңгеден берді. Ұрпағының ғана емес, мемлекет тұтастығын тіктеуге жан-тәнімен күш-қуатын жұмсап жүрген аналар аман болсын!. Қолында барын баянды істерге жұмсап жүргендерге Алладан береке тілеймін.