Түркістан облысында 13 жыл бұрын валюта айырбастаушыны өлтірген күдікті қолға түсті

Опубликовано: 04 Июнь 2024
на канале: Polisia KZ
130
0

Түркістан облысының полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде он үш жылдан кейін қарақшылық шабуыл жасады және кісі өлтірді деген күдіктіні ұстады.

Жедел уәкілдер бұрын сотталған 46 жастағы ер адамды Шымкент қаласында қолға түсірді. Күдікті қамауға алынды.

Анықталғандай күдікті 2011 жылы мотоциклмен Жетісай қаласының тұрғынына яғни валюта айырбастаумен айналысқан ер азаматқа қарақшылық шабуыл жасап, оны өлтіріп, содан кейін қалтасындағы 5 мың АҚШ долларын алып, қашып кеткен.



________________________________________________
Сайт: https://polisia.kz
Telegram-канал: https://t.me/POLICE_of_KZ