Таразда полицейлер күмәнді сөмкелерді тексеру үшін бір күнде екі шақыртуға шықты

Опубликовано: 29 Май 2024
на канале: Polisia KZ
38
2

Тараз полициясының “102” пультіне банктердің бірінің жанындағы орындықта күдікті сөмке тұрғаны туралы хабарлама түсті. Нұсқауға сәйкес, полиция бұл ақпаратты шұғыл түрде тексерді. Шақыру орнына жедел түрде полиция департаментінің қызметкерлері, саперлар, кинологтар, төтенше жағдайлар қызметі мен жедел жәрдем қызметкерлері келді. Полиция аумақты қоршап, жақын маңдағы ғимараттардан азаматтарды дереу эвакуациялады.