1)Мен сені түсімде көрдім,
Сені көп ойлағанымнан.
Көк тұман ішінде көрдім,
Жанымда болмағаныңнан.
Қайырмасы:
Жалғыздықты ұнатпағасын,
Күмәнмен күреңтіп есім.
Өңімде қуантпағасын,
Түсімде ренжітесің.
2)Жанардан төгілді салқын,
Нәр алмай лағыл көктемнен.
Ол солай көрінді бәлкім,
Сағыныш зарың өткеннен.
3)Тағдырды ұқпайтын күшпен,
Бұрқанды толқынды арманым.
Неліктен шықпайсың түстен,
Аз ба еді еркімді алғаның.
әні,сөзі Әл-Фараби Бекарысұлы