Балауса сезім бойымда өртеніп барады
Тұнық тамшылар мөлдіреп кірпіктен ағады
Айлы түндегі келбетің елестеп көзіме
Қадалған көздің, жанымды өртеген жанары
Алдама жаным
Алдама мені
Алдамшы сезім арбаған сені
Қинама жүрек
Қинама мені
Мезгілі келсе, айналып сезім өтпес сені
Бағалай алсаң, кінасыз жанымды бағала
Шырылдап ұшып кетпесін көліңнен шағала
Арайлап атқан таңымды, тербейді самалы
Жүрегім шіркін бір ысып, бір суып барады