#Рэйбастағанқұтқарушылар#пожарнаякоманда#жасындыбұлт
Бөлім 24 - Жасынды бұлт
Далада жаңбыр жауып, күн күркіреп, найзағай жалқылдап тұр. Спарки найзағай оның жағында деп ойлап, оны ұстап алмақшы болғанда, оны тоқ соғады. Джун мен Мина далада жаңбыр жауып тұрғандықтан, сыртта ойнай алмайды. Бикон Мина мен Джунның іштері әбден пысқандықтан, оларға арнап жаңбырлы күні жүруге болатын көлік жасамақшы. Бұлтты ұстап алғылары келген Питон мен оның достары Бикон жасаған көлікті алып шабуылға көшеді. Спарки байқаусыздан көлікті тоқпен соғады. Содан үлкен бұлт пайда болады. Найзағайдың қайда және қашан соғылатыны белгісіз болғандықтан Мина мен Джунға қауіп төніп тұр. Бикон Рэйді көмекке шақырады. Рэй және оның тобы қонақ бөлмеге қарай асығады. Найзағай соғайын деп жатқанын көргенде, Рэй сымға қарай жүгіреді. Бикон ас үйге барып, шаңышқыны алып, оны найзағайды кері бұратын құрал ретінде пайдаланады. Өрт сөндірушілер тобы екі терезені ашады, терезеден жел соғып бұлттар далаға ұшып кетеді.
Мультпланета арнасы "Рэй бастаған құтқарушылар" атты дамытатын жаңа мульттоптаманы ұсынады. Бүкіл отбасыға арналған жарқын фантастикалық анимациялық бөлімдер!
Мультоптаманың сипаттамасы:
Рэй батыл жас өрт сөндіруші, тобымен бірге балаларды қорғап және жазатайым оқиғалардың алдын алады. Егер қиындықтар туындаса, Рэй және оның сенімді достары Эмби, Рэд, Бикон, Памп, Хэйзел мен Хэликс әрқашан көмектесуге дайын. Бұған қоса, үш ғарыш бұзақысы кішкентай қалашықтың бейбіт өміріне қол сұғып, қиындықтар туғызады. Бірақ Рэй мен өрт сөндірушілер жұмысқа кіріскенде, бәрі жақсылықпен аяқталады!
Сілтеме арқылы көре аласыздар: • Рэй бастаған құтқарушылар - Бөлім 24 ...
Біздің арнаға жазылыңыздар:
/ @multplanetakz2604