Ақтауда 2006-шы жылы туған жас жігіт Каспийге батып көз жұмды

Опубликовано: 26 Август 2024
на канале: Alatau TV
1,317
10

Ақтауда 2006-шы жылы туған жас жігіт Каспийге батып, көз жұмды. Өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, бозбала белгіленген жүзу аймағынан тыс аумақта, катамараннан суға сүңгимін деп мерт болған. Оқиға кешкі 6-лар шамасында болыпты. Ал денесі бүгін таңертең табылып, жағаға шығарылған. Теңізге батқан адамды іздеу кезінде құтқару жасағынан бірнеше маман мен техникалар жұмылдырылды.