Шахерезада. Мың бір түн. Айтылмаған әңгімелер - Бөлім 1- Ханзаданың өзгеруі - Жаңа мультфильмдер

Опубликовано: 01 Январь 1970
на канале: Multplaneta KZ
493,733
5.3k

#Мыңбіртүн#Айтылмағанәңгімелер#Шахерезада#Ханзаданыңөзгеруі

Бөлім 1- Ханзаданың өзгеруі

Алтын қаланың сұлтаны қайтыс болып, оның кенже ұлы Кәрім күтпеген жерден мұрагер атанады. Бұған ашуланған Кәрімнің үлкен ағасы Шазаман, оның әйелі мен Дуньязада мыстан жасырын жоспар құрады: олар Кәрімге дуаланған сусын беріп, оны ұзын шашты құбыжыққа айналдырып, содан кейін бұл аң сұлтанды жеп қойды деп, құбыжықты ұстап, жазалау керек деп, бәрін Кәрімнің жақын досы Шахиразада ұйымдастырды деп, оған жала жабады. Алайда, атақты сиқыршының ақылды қызы, жалақорлардың өтірігін әшкерлейді. Шахризада өзінің жаңа досы Халил-жынмен бірге абақтыдан қашып шығып, құбыжықты сарай күзетшілерінен бұрын тауып алады. Шахризада мен Кәрім зынданнан құтылып шығып, Джамал атты ұшатын түйеге мініп, шөлдалаға қарай беттейді. Сарай күзетшілері арттарынан қуады.


Шахризада есімді ержүрек бикештің мақсаты – досы Кәрімге өзіне тиесілі тақты қайтарып алуға көмектесу.
Кәрімді тақтан туған ағасы түсіріп, зұлым сиқыр күшімен көк құбыжыққа айналдырып тастаған екен. Шахризада мен оның досы енді Алтын қаладан кетіп, шахзадаға адам кейпін қайтарып бере алатын сиқырлы Тіршілік ағашын іздеп табуға мәжбүр. Екі достың жолдары сұлтандар, жындар және басқа да мифтік тіршілік иелері мекендейтін ғажайып елдер мен тылсым аралдардан өтеді. Жолай Шахризада мен Кәрім араб ертегілерінің кейіпкерлері Аладдинді, Синдбад пен Али-бабаны кездестіреді.
Осы қиын саяхатта Халіл есімді жынмен танысып, достасады. Ол балаларға сенімді серік болып, кейде ақыл да айтып тұрады.

Сілтеме арқылы көре аласыздар:    • Шахерезада. Мың бір түн. Айтылмаған ә...  

Біздің арнаға жазылыңыздар:    / @multplanetakz2604