«Мектеп Online– бәрі жүзеге асады!»

Опубликовано: 26 Март 2024
на канале: MEKTEП OnLine БИОЛОГИЯ
239
7

Құрметті балалар!
Біз «Мектеп Online– бәрі жүзеге асады!» байқауын қорытындылап, ТЕХНОДОМ компаниясынан сыйлықтар алған жеңімпаздарды жариялаймыз!

Байқауға қатысқандарыңыз үшін және Қазақстанның түкпір-түкпірінен жіберген жұмыстарыңыз үшін көп рақмет!

Әрбір ролик - тамаша! Байқауға әртүрлі жастағы балалар қатысты. Біз, әрине, мұны ескердік. Бейнежазбаларға балалар, олардың ата-аналары, достары, мұғалімдері, егіз балалар, тіпті мектеп парламенті, сондай-ақ үй жануарлары да түскен!

Сюжеттер де әртүрлі болды. Мысалы түрлі спектакльдер, арнайы жазылған өлеңдер мен рэптер болды. Түсірілімге отбасыларымен қатысқандар да бар. Мұнда кішкентай балалар үлкендерін құтқарады, сондай-ақ керісінше ата-аналар балалар үшін репетиторларды ұрлап кетеді, ал достар емтиханға кіруге көмектеседі. Үй жануарлары балалармен бірге сабақ оқиды және басқа да көптеген қызықты сюжеттер бар!

Кейбір балалар бірнеше ролик жібергендіктен қосымша сыйлықтар ұтып алды.

Біз ең үздік жұмыстарды таңдап, оларға ноутбуктер мен велосипедтер сыйладық. Басқа жұмыстар үшін де планшеттер, smart колонкалар мен Smart-браслеттер, сондай-ақ Lerna онлайн платформасынан Geek School оқу курстары берілді.

Жеңімпаздар тізімі: https://mektep-online.kz/kz/mekteponl...
Өкінішке қарай, үш ноутбук ойнатылмай қалып, келесі байқаудың жүлде қорына аударылды.
Байқауға қатысқандарыңыз үшін рахмет. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Барлық оқушылар мен студенттерге жақсы оқуға және оқу жылын сәтті аяқтауға тілектеспіз.
Біздің МектепOnline жобамыздан жаңа әрі жақсы жаңалықтар күтіңіз!
Ал біз әр баланың үздік мұғалімнен оқып, сапалы білімге тегін қол жеткізуі үшін бейне сабақтарымызды YouTube және https://mektep-online.kz/ сайтында тегін орналастыруды жалғастырамыз!